Жарнама
Жарнама

Сыры ашылмаған “Стожице”

Бүгін, “Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасының іріктеуі аясында “Олимпия” командасымен кім мықтыны анықтайды. Сырт алаңдағы аталған ойын Люблянадағы “Стожице” стадионында өтеді. 

Жарнама
Жарнама

Тартысты ойын алдында оқырмандарға “Стожице” стадионы жайында ақпарат бергенді жөн көрдік.

• Словения еліндегі ең үлкен стадион саналатын “Стожице” 2010 жылдың 11 тамыз күні қолданысқа берілді. Спорттық нысанның лентасы қиылған күні Словения Аустрияға қарсы ойын өткізді. Матчқа жалпы 16 155 адам келіп, бірден рекорд орнады. 

• Стадион аумағы 24 614 шаршы метрді алып жатыр. Жан-жағында спорт кешен ғимараттары бой көтерген. Онымен қоса, ірі сауда орындары мен мұндалап тұр. Осылардың барлығын қоса есептегенде, кешен құрылысы 350 млн еуроны құраған.

• “Стожице” стадионының құрылысы 14 айды қамтыды. Словения билігі нысан бой көтеруі үшін 56 млн еуро жұмсады. Соның нәтижесінде стадионның игілігін қазірде ел құрамасы мен “Олимпия” ұжымы көруде. 

• Алдағы уақытта стадионның атауын өзгертуге мүмкіндік беретін коммерциялық құқық жүзеге аспақ. Ірі компаниялар “Стожицеге” жаңа атау тіркеп, өз брендін жарналамай алады. 

• Люблянада өткен ірі спорттық шаралардың басым бөлігін “Стожице” стадионы қабылдаған. Нысан кезінде гандбол, баскетбол, допты хоккей және т.б спорт сайыстарын өткізді. Керек кезде стадионда өнер жұлдыздарының концерттері болады. Сол кезде ғимарат сыйымдылығы 16 мыңнан 23 мыңға дейін көбейеді. 

• 2012 жылы “Стожице” 17 жастағы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының 6 ойынын өткізді. Араға 9 жыл салып, дәл осы жерде 21 жасқа дейінгі құрама командалар арасында Еуропа біріншілігі абыроймен аяқталды. 

Еске салайық, 2023 жылы ел құрамасы дәл осы стадионда Еуро турнирінің тікелей жолдамасы үшін Словениямен талас құрған болатын. Алайда қазақстандық жанкүйерлердің өкінішіне қарай, Магомед Адиев баптайтын команда қарсыластан 2:1 есебімен ұтылды. Соның кесірінен тоғыспа кездесу өткізуге мәжбүр болды. Ары қарайда ұжымның Грекияға азуы батпай, Еуро турнирі қол жетпес арманға айналды. Ендігі кезекте Қазақстан футболы "Стожицемен" қайта байланыс орнатты. Бұл жолы "Қайрат" клуб ретінде ел намысын қорғау үшін Словения төріне табан тіреді. Ендеше құрметті қазақ жанкүйерлері! Өткенді естен шығарып, бүгінгінің тілеуін тілеп, жеңісі үшін тақым қысайық! Сыры ашылмаған "Стожецеден" командамыз тек оң нәтижемен қайтсын!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: