Жақында ғана "Ислочь" клубына ауысқан жартылай қорғаушы Антон Шрамченко Қазақстан футболына қайта оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұған дейін футболшының ел туралы айтқан оғаш пікірі жанкүйерлер мен мамандардың наразылығын тудырған болатын.
“Мақтаарал”, “Жетісу” клубтарында доп тепкен Беларусь ойыншысы Шрамченко "Голевая передача" бағдарламасында Қазақстан туралы айтқан сөздерінің жаңсақ шыққанын және бұл жағдайдың елдегі футбол қауымдастығына қалай әсер еткенін түсінетінін айтты.
Футболшы өзінің пікірін орынсыз болғанын мойындайды. Оның айтуынша, халықтың оған деген өкпесі мен ашуы орынды.
Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Шрамченко Қазақстан Премьер лигасына қайта келу мүмкіндігі туралы былай деді:
"Қазақстанға жол жабылды ма, жоқ па – оны тіпті білмеймін. Дегенмен, егер алдағы уақытта өзімді жақсы қырымнан көрсетіп, клубтардың қызығушылығын тудыра алсам, онда бәрі мүмкін деп ойлаймын.” — деді футболшы.
Біздің серіктес: FONBET