Жарнама
Жарнама

Суарес Уругвайды финалға алып шықты

20.07.2011, 18:51
Жарнама
Жарнама

Аргентина жерінде өтіп жатқан Америка Кубогінде финалға шыққан алғашқы команда да белгілі болды.Азулы Аргентинадан айласын асырған УРУГВАЙ құрамасы жартылай финалда Перуден басым түсіп финалға берірер жолдаманы қоржынға басты.

Жарыс жолынан Бразилия мен Аргентина шығып қалғансоң турнирдің бас жүлдесіне басты үміткер де осы команда танылғанды. Жалпы алғанда соңғы жылдары Уругвай футболының тасы өрге домалап тұр.Тек Оңтүстік Американың ғана емес әлемнің алпауытына баланған Аргентина мен Бразилияның аса алмаған асуынан, бағындыра алмаған белесінен Оскар Табарес шәкірттері көрініп жүр.Оған дәлел соңғы өткен әлем біріншілігі мен жақында аяқталған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Алғашқысында төртінші орынға тұрақтаса соңғы турнирде Уругвайдың 17 жасқа дейінгі құрамасы ақтақ сында алаң иелері Мексикаға ғана жол беріп күміспен күптелгенді. Енді міне алтыннан алқа тағатын кез де келгенге ұқсайды. Ол үшін бар болғаны Парагвай мен Венесуэланың қай ұтқанынан айласын асырса болғаны. Ал ол бүгінгі Уругвай құрамасының қолынан әбден келетін іс. Перумен өткен кездесуге тоқталар болсақ ойын Суарес бастаған сұрмергендердің басымдылығымен өтті. Матчтың алғашқы бөлігінде таблодағы есеп өзгермеді. Ал екінші тайм басталар басталмаста «Ливерпулдің» шабуылшысы Луис Суарес кездесу тағдырын шешіп тастады. Небары бес минуттың ішінде Рауль Фернандес қорғаған қақпаға қос гол тоғытқан Луис ойынның үздік ойыншысы деп танылды. Ойынның 68-минутында Перу сапынан Хуан Мануэль Варгас алаңнан қуылды. Он ойыншымен қалған Перу жігіттері есепті теңестіруге дәрменсіз еді. Егер финалда Уругвай ұтса Америка кубогін ұтып алғандар арасында жеке дара көш бастайды. Әзірше олар бұл көрсеткіш бойынша Аргентина құрамасымен теңесіп тұр. Қос команда да аталмыш турнирде 14 реттен топ жарған.Ал әлемнің бес дүркін жеңімпаздары Бразилия сегіз рет үздік атаныпты.

Тастанбек Жумахан

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров