Жарнама
Жарнама

Сульшер «Манчестер Юнайтедте» қала ма?

11.12.2020, 00:46
Басшылық Сульшерге сенім артуын жалғастыра бермек
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі нәтижелерге қарамастан, командадағы жұмысын жалғастырады.

Соңғы 6-шы турда "қызыл сойқандар" "РБ Лейпцигтен" 2:3 есебімен жеңілді. Команда топта үшінші орын алып, Еуропа лигасына жолдама алды. Неміс клубынан бөлек, "Пари Сен-Жермен" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті.

Daily Mail-дің хабарлауынша, "Манчестер Юнайтед" басшылығына негізгі еурокубоктағы сәтсіздік қатты әсер еткен жоқ және олар Сульшерді қолдайды. Тіпті "Тоттенхэмнің" экс-тәлімгері Маурисио Почеттиноның команданы жаттықтыруға дайын болуы клуб басшыларын маманды жұмыстан шығаруға итермелеген жоқ. Клуб жаттықтырушыларды қайта-қайта ауыстырғысы келмейтіні, сондықтан норвегиялық маманды қалдыруға ниетті екендігі атап өтілді.

Англия Премьер-лигасында "Манчестер Юнайтед" 10 турдан кейін турнир кестесінде 19 ұпаймен алтыншы орында келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров