Жарнама
Жарнама

Сұлтанбек Астанов Қазақстан құрамасына шақырту алды

23.08.2021, 21:09
Футболшы Серікжан Мужиковтың орнына шақыртылды.
Жарнама
Жарнама

"Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Сұлтанбек Астанов Қазақстан құрамасының негізгі құрамына шақырту алды.

Бұған дейін жартылай қорғаушы құраманың қосалқы құрамына іліккен еді. Алайда Қазақстан Кубогінің топтық кезеңі аясындағы соңғы ойыннан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов Сұлтанбек Астановты негізгі құрамға шақыруға бел буды.

Қазақстан құрамасы қыркүйекте үш бірдей ойын өткізеді: 1 қыркүйекте өз алаңында Украинаны қабылдайды, 4 қыркүйекте сырт алаңда Финляндиямен ойнайды және 7 қыркүйекте Босния мен Герцеговинаға қонаққа барады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров