«Ақтөбе» жейдесін киген Луиш Нани Қазақстанға келмей жатып, үлкен мәселеге кезігіп жатыр.
Португалиялық футболшы Ақтөбеден жайлы пәтер таба алмай жүрген ұқсайды. Шабуылшының өкілдері шаһардағы жөні түзу деген барлық мейманханалардың аралап, бос нөмір таба алмады. Сондай-ақ, Ақтөбедегі жеке секторлардағы жер үйлерден де керекті нұсқа шықпаған көрінеді. Мұндай мәселенің туындауына Луиштің «ел көзінен аулақ болсам» деген талап-тілегі түрткі болған секілді. «Ақ-қызылдардың» басты жұлдызы бүкіл ойын футболға арнап, ешкіммен байланысқа түспегенді жөн көреді. Сол үшін бөлектеніп тұруға қолайлы мекен-жай іздеп отыр. Алайда, португалиялық футболшының ойынан шығатындай пәтер әзірге табылмай жатыр.
«Ақтөбе» мен Луиш Нани бір жылдық келісімшартқа отырды. Футболшы дәл қазір командасымен Түркияда оқу-жаттығу жиындарына қатысуда.
Біздің серіктес: FONBET