
- Есімің кім?
- Менің аты – жөнім Осман Рамзис
- Сен «Сұңқар» командасының сапынан кімдерді танисың?
- Фархадбекті танимын.
- Ал Айсұлтанды білесің бе?
- Әрине
- Ол кім?
- Президенттің немересі ғой
- Оны кім айтты сендерге?
- Бапкеріміз
- Сенің командаңда оның ойнауы сен үшін мәртебе ме?
- Әрине, біз оны мақтан тұтамыз.
- Қазіргі жағдайы алаңдата ма команданың?
- Ия біздің команда құлдырап жатыр ғой. Футболшылар айлық алмай жүргенін естідім. Соңғы орында қалдық.
- Сен Нұрдос кімдерді танисың?
- Біздің командадан мен Айсұлтанды, Ирисметовты және Бауыржанды танимын ( ред. Байтана)
- Айсұлтанды қашаннан бері танисың?
- Ол бізге келгеннен бері. Бапкеріміз оны қайта-қайта айтады біздерге. Біз оны мақтан тұтамыз.
- Оны өз көзіңмен көргенсің бе?
- Жоқ әлі көре алмадым.
- Айсұлтанның кімнің немересі екенін білесің бе?
- Әрине, Президенттің.
PS : «Сұңқар футболшылары» 4 ай бойы айлық алмай ойнап, сүреңсіз ойындарынан кейін премьер-лигамен қош айтысты. Айлық алмағандардың ішінде Айсұлтан болды ма екен, қызық? Ал келер жылы ол «Сұңқарда» қалмайтыны анық. Қайда барады екен?
«Қаскеленге» барып қайтқан Жақсылық Албан
Аламан.кз
Біздің серіктес: FONBET