Жарнама
Жарнама

Суперкубокты Елбасы табыстады

08.03.2012, 21:18
Жарнама
Жарнама

Қазақстан футболының тарихында бесінші мәрте ұйымдастырылған суперкубок додасында Шымкенттің «Ордабасы» клубы жеңімпаз атанды. Кубокты Елбасымыздың өз қолынан алған шымкент тіктер бұл ойында Қарағандының «Шахтерінен», шынымен де, басымдау болды.

«Шахтер» (Қарағанды)– «Ордабасы» (Шымкент) – 0:1.  Гол: Әшірбеков, 58. Ескертулер: Василевич, 60. Каньяс, 86 — Әшірбеков, 54. «Шахтер»: Мокин, Киров, Василевич, Джидич, Парываев, Вичюс, Көкеев, Боров ский (Лунин, 64), Байжанов (Каньяс, 69), Хиж ниченко.(Досманбетов, 80), Финон чен ко. «Ордабасы»: Бекбаев, Қожабаев, Мве си г ва, Ирисметов, Трайкович, Арури, Кар по вич, Әшірбеков, Касьянов, Пахолюк (Гуйе, 80), Тәжімбетов (Бейсенов, 90).
  Астанада күн жылы, футбол ойнауға ауа райы жайлы болды. Дегенмен ұйым дас­тырушылар «Астана-Аренаның» шаты рын жауып қоюды жөн көріпті. Ал кө рер мендер стадионға күндізгі сағат 5-тен бас тап жиналды. Қарағандыдан да, Шым кент тен де жанкүйерлер арнайы келіпті. Олар ға Астанада тұратын немесе оқитын қарағандылықтар мен шымкенттіктер де қосылды. Бірақ, шынын айтсақ, басында күл гін-сары киінген көрермендер көбірек көрінді. Матчтың алғашқы 20 ми нут ын да белсендірек болған да – солар. Де ген мен одан әрі стадион трибуналарында «Ор дабасы» жанкүйерлері үстемдік құрды. Тіпті стадионның бүкіл бұрышынан шым кент тіктердің дауысы жаңғырып шығып жатты. Мына сәйкестікті қараңыз, жасыл алаң да да ойынның алғашқы бөлігінде «Шах тер» үстемдік құрған. «Ордабасы» ойын шы ларын өз айып алаңына үйіріп қойып, үшінші минутта-ақ гол соғатын керемет мүмкіндікке ие болды. Алайда қорғаушы Никола Василевичтің қолмен қойғандай етіп шығарып берген пасын команда ка пи таны Андрей Финонченко небәрі үш метр жерден қақпаға соға алмады. Мұндай мүм кіндікті мүлт жіберген шабуылшыдан не күтесіз?! Андрей бұдан кейін алаңда түк бітіре алмады. Рас, өзінің еңселі денесімен «Ордабасы» ойыншыларын жаншып өтуге тырысып бақты. Бірақ Эндрю Мвесигва сынды шымкенттік қорғаушылар да қара байыр футболшылар қатарынан емес-ті. Жалпы, Уганда ұлттық құрамасының капи та ны бұл ойында тасқамал қорғаушы еке нін дәлелдей білді. Ал қарағандылықтардың сапынан ше? «Шахтерде» ойынның ал­ғаш қы кезеңінде Жамбыл Көкеевке тең келер ешкім болмады. Ойын тізгінін өз қолына алуға тырысқан Жамбылға ойын түсінер әріп тес футболшы жетіспеді. Екі-үш фут бол шыны алдап өтіп, одан әрі шабуылды өрбітіп алып кетер командаласын таппай қа лып жатты. Ақыры әлі кетіп, екінші тайм ның ортасына таман жүгіруге шамасы кел мей, шаршап қалды. Ал «Ордабасы» ка пи таны Қайрат Әшірбеков матчты басынан соңына дейін бір демде өткізген футболшы болды. Ақыры дегеніне жетіп, жеңіс голын соқты да. Өзінен әлдеқайда бойшаң Алдин Джидичтің тұсауынан сытылып өтіп, Мокин нің қақпасынан саңылау тапты. Сөйтіп, голын осыдан тура екі апта бұрын дүниеге кел ген ұлы Марданға арнады. Әлбетте, бұл жерде «Шахтердің» екі бірдей қорғаушысын өзінің жанына жақындатып алып, Қайратқа керемет пас асырған Артем Кась новтың да еңбегін ұмытуға бол майды. Бұл гол «Шахтер» футболшыларының жігерін құм қылды. Бас бапкері Виктор Кумыков есепті теңестірудің барлық жол ын қарастырып, сылбырлығымен ғана көзге түскен Вадим Боровскийді алып тас тап, орнына Станислав Лунинді шығарды. Аздап шаршап қалған Мақсат Байжановтың орнына өте шапшаң колумбиялық Роджер Ка ньясты алаңға жіберді. Бұл матчта жолы бол маған Сергей Хижниченконы кез кел ген тұстан соққы бағыттай алатын Серік Дос манбетовке алмастырды. Сонда да есеп өзгермеді. Былтыр тұңғыш рет Қазақ стан кубогын жеңіп алған «Ордабасы» биыл тағы да ерлік жасады. Ел футболының тарихында алғаш рет суперкубок Шым кентке аттанды. Ал аталмыш кубокты «Ор да басыға» кім тапсырды дейсіз ғой? Елба сымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі. Негізі, футболшыларды медальдармен ҚФФ вице-президенттері Сейілда Бай шақов пен Олжас Абраев марапаттаған. Ал кубокты ҚФФ басшысы Әділбек Жақ сы беков табыстайтын болар деп ойлап тұр ғанбыз. Өйткені «кубокты футбол шы лар ға ел Президенті тапсырды» деген мәр тебе Қазақстан тарихында ешқашан бол маған. Сондықтан болса керек, жасыл алаң ға Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі шыға кел генде бүкіл стадион жаңғырып қоя бер ді. Бұл бір ұмытылмас сәт болды. Басқа емес, Елбасымыздың өз қолынан кубокты алған Қайрат қандай бақытты еді! Ал біз сіздерді Қазақстан чем пио на ты ның жаңа маусымының басталуымен құт тық­таймыз!  
Виктор ПАСУЛЬКО, «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері:  – Жеңісімізді Оңтүстік Қазақстан об лы сын да су тасқынынан жапа шегіп отырған хал қымызға арнағымыз келеді. Біз оларға тек осылай ғана қолдау білді ріп, жебей ала мыз. Көңілдері сәл де бол са көтеріліп қалса екен. – Қазақстан кубогы Алматыда өтті, су пер кубок ойыны Астанада ұйым дас ты рылды. Өзіңізге қай қа лада ойнаған ұнады? – Екі қалада да жеңіске жетіп отыр мыз. Сон дықтан бізге екі қалада ойнаған да ұнап қалды. – Марапаттау рәсімінде Елба сы мыз футболшыларға не айтты? – Мен тек құттықтау сөздерін ғана есті дім. Ойынның жақсы өткенін айтып, жі гіт тер ді құттықтап шықты. – Жеңісті қалай тойлайсыздар? Ал дын ала жәшік-жәшігімен шам пан дайын дап қойған болар сыз дар? – Бұл тұрғыда менің жолым болды. Ко ман дадағы футболшылардың көбі – дін жо лындағы жігіттер. Намазға жы ғыл ған дары аз емес. Сондықтан ішім­дікке жол бер мейміз. Рас, мен оларға қой де мей мін. Өз бастары бар, деген­мен бүгін той лау ға рұқсат.
Виктор КУМЫКОВ, «Шахтер» футбол клубының бас бапкері:  – Психологиялық тұрғыда жігіттер бұл матчқа дайын болмай шыққан секілді. Же ңілістің басты себебі сол деп ойлаймын. Оның үстіне «Ордабасы» біз үшін ың ғай сыз команда болып тұр. Өткен жылы тек осы ұжымды ғана ұта алған жоқпыз. Өкі ніш ке қарай, биыл да сол үрдіс жалғасын тапты. – Егер осы матч қайта өтер болса, қай ойыншыларды алаңға шығармас едіңіз? Жалпы, командаңызда өзіңіздің көңіліңіз толған футболшылар болды ма? – Қазір ештеңе айтқым келмейді. Де ген мен егер мұндай мүмкіндік қайта туып жатса, мен құрамға біраз өзгеріс енгізер едім. Жігіттердің көбі көңілімнен шыққан жоқ. Жеңілді ме, демек, бір ойыншы емес, тұтас команда сәтсіз ойнады деген сөз. Бі рақ қорғанысымызға көңілім толды. Әсі ре се Александр Киров өз қапталында жақ сы ойнады. – Екі команданың құрамында қай футболшыны үздік деп атар едіңіз? – Бүгін «Ордабасының» шабуылшылары керемет ойнады. Қорғанысымызға тыным бермеді. Дегенмен, меніңше, ең үздік фут бол шы – Қайрат Әшірбеков. Оған бүгін ерек ше қанат біткен бе дерсің.
Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ, Астана
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Тағы да төмен...
Келесі жаңалық
Жетінші Ибра