Италия футбол федерациясының (FIGC) президенті Габриэле Гравина А сериясының ережелеріндегі өзгерістер туралы айтты.
"ФИФА немесе УЕФА қаржыландырмайтын турнирлерге қатысуды жоспарлап отырған клубтар біздің чемпионаттан кетуі керек. Еуропалық Суперлигадан кімнің кеткені, кімнің кетпегені туралы бізде ешқандай жаңалық жоқ, бірақ енді ұлттық реформаға енуі керек ережелер бар. Егер маусым айының соңында италиялық клубтар жеке турнирге қатысса, ол командалар біздің чемпионаттан кетуге мәжбүр болады", - деді Гравина Sky Sport Italia-ға берген сұхбатында.
Еске салайық, бұған дейін Суперлигаға қатысуды "Милан", "Арсенал", "Атлетико Мадрид", "Челси", "Барселона", "Интер", "Ювентус", "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" және "Тоттенхэм" сияқты клубтар растаған болатын. Алайда футбол федерациялары мен қауымдастықтарының бірқатар үндеулерінен кейін, сондай-ақ УЕФА мен ФИФА енгізген санкциялардан кейін клубтар бірінен соң бірі турнирге қатысудан бас тарта бастады.
Біздің серіктес: FONBET