Жарнама
Жарнама

Суперлигаға қатысудан бас тартқан клубтар үлкен көлемде айыппұл төлеуі мүмкін

24.04.2021, 18:15
Командалардың Суперлигадан тек үш жыл өткеннен кейін ғана шығу мүмкіндігі болған екен.
Жарнама
Жарнама

Еуропалық Суперлигаға қатысатын клубтардың жасасқан келісім-шарты туралы нақты ақпарат белгілі болды. Жобаға қатысудан бас тартқан командалар 150 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеуі керек, деп хабарлайды Daily Mail.

Келісім-шартта Суперлигадан шыққан клубтардың 150 миллион еуро көлемінде айыппұл төлейтіні айтылған, бұл Премьер-лиганың алты клубына және турнирден шыққан басқа клубтарға үлкен соққы болады. Ал УЕФА өз кезегінде бұл жобадан бас тартқан клубтарға спорттық жаза қолданбаймыз деп шешті. УЕФА басшылығы осы маусымда ешқандай команданы Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасынан шеттетпеу туралы шешім қабылдады.

Келісім-шартқа қол қойған клубтар турнирге 23 жыл қатысуға уәде берген. Командалардың Суперлигадан тек үш жыл өткеннен кейін ғана шығу мүмкіндігі болған екен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров