Алматы — Бішкек тас жолында болған аса ауыр жол апаты Қазақстанның спорт қауымдастығына ауыр қайғы әкелді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қайғылы оқиға салдарынан жеті адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында еліміздегі саңырау спортшылар арасында футбол, шахмат және командалық спорт түрлерін дамытуға өмірінің оннан аса жылын арнаған бапкерлер мен белгілі спортшылар бар.
Sports24.kz мәліметінше, Honda Odyssey – HOWO жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Соққы күші өте жоғары болғандықтан, көліктегі адамдардың ешқайсысы аман қалмады.
Кейіннен қаза тапқандардың аты-жөні ресми түрде жарияланды. Олар — Қазақстандағы сурдлимпиялық спорттың қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғалар.
Қаза тапқандар арасында:
Марқұмдардың туған-туыстарына, әріптестері мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.
Біздің серіктес: FONBET