Жарнама
Жарнама

Сұрмерген қақпашы білікті бапкерге айналып келеді. Рожерио Сени туралы видео

15.05.2019, 18:09
Жарнама
Жарнама
Сұрмерген қақпашы? Сіз оны ұмытпаған боларсыз?.. Себебі, Рожерио Сени айып соққысын орындау мен пенальти тебудің хас шебері атанған, жалпы 132 гол соққан қақпашы. Сондықтан ФИФА - Рожерионы футбол тарихында ең көп гол соққан қақпашы деп ресми мойындаған. Есім-сойы елеулі футболшы 2016 жылдың соңында бапкерлік қызметін бастаған еді. Кезінде өзі ойнаған "Сан-Паулу" клубында 2017 жылы іске кірісе бастаған. Алайда, қызметке кіріскен күннің ертеңінде сырт алаңда "Фломенго" клубынан 2:0 есебімен ұтылған соң қызметінен қуылады. Міне, қызық!  Осыдан кейін Бразилияның В сериясындағы "Форталезу" командасына бапкер болып тағайындалады. Ал кеше білікті бапкерге айналған Рожерио Сени "Форталезуды" А сериясына алып шықты.  Осы айтулы оқиғаның құрметіне орай Сан-Паулудан келген жанкүйерлер мен бірге жерлігікті фанаттар қосылып Сениге керемет қолдау көрсетті. Өз кезегінде даңқты футболшыны қатты елжіреп, көз жасына ерік берді. [video width="636" height="360" mp4="http://aladop.kz/wp-content/uploads/2019/05/Rozherio-Seni.mp4"][/video]  

Шамкен БАЙЫРБЕК.  

  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров