33 жастағы Николай Сигневич келесі маусымда “Тобылдан” кетеді деп күтілуде.
Белорус шабуылшысын мұнайшылар командасына бас бапкері Виталий Жуковский шақыртуы мүмкін.
Сигневич “Тобыл” үшін осы маусымда 19 матчта 9 гол соқты. Оның командасы Премьер кестесінде үшінші сатыға жайғасты. Қостанай командасы белорус футболшысының ойынына дән риза. Сол себепті, онымен келесі жылы да келісім шартқа отыруы ықтимал.
Бұндай жағдайда соңғы шешімді қабылдайтын Сигневичтің өзі болмақ. Шабуылшының алдында отандасы Виталий Жуковскиймен қайта қосылу, немесе "Тобылмен" келісім шартын ұзартып еурокубокте ойнау таңдауы тұр.
Еске салсақ, Николай “Атырау” клубында 2024 жылы өнер көрсетті. Шабуылшы ішкі чемпионатта өткізген 24 кездесуде 10 гол соғып, Премьердің үздік сұрмергендерінің бірі атанды.
Біздің серіктес: FONBET