Футбол сүйер қауым тағатсыздана күткен басты сұрақтың жауабы айқындала бастады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың тізгінін кімге сеніп тапсыратынын іс жүзінде анықтап қойған сияқты. Федерация шет елден адам іздеуді доғарып, өз маманымызға тоқтауды жөн көрген сияқты.
Қазақстан футзал федерациясының президенті Нұрсұлтан Құрманның айтуынша, басты үміткер — қазіргі уақытта бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов. ҚФФ басшылығы "сырттан жаттықтырушы іздемейміз” деген ұстанымды алға тартып отыр екен.
"Федерация президенті Марат Омаров қаңтардың басында бұл мәселеге нүкте қойылатынын айтқан болатын. Ішкі әңгімелер кезінде жағдайды сұрастырғанымда, бәрін ашып түсіндірді: бірінші кезекте Талғат Маруанұлымен келіссөз жүргізіледі. Ең бастысы — оның өз жоспары мен жұмыс істеуге деген құлшынысын білу.” — дейді Нұрсұлтан Құрман.
Біздің серіктес: FONBET