Жарнама
Жарнама

Сырты – бүтін, іші – түтін

12.01.2011, 23:39
Жарнама
Жарнама
Елбасының жарлығымен ел астанасы Ақмола қаласына көшірілісімен жобаға алынған заманауи әсем стадионның құрылысы қолға алынған еді. Міне, содан кейін 11-жылдан соң тұсауын кесіп, есігін ашқан «Қажымұқан» атындағы стадион осы күндері көпшілік маманның сын садағына ілінуде. Қыруар қаржыны жұтқан бұл ғимарат бізге құт емес жұт болғандай. Көпшілік қауымды әдемілігімен арбаған кешеннің сырты бүтін болғанымен, ішінің түтін екеніне біразымыз көз жеткізбедік. Өз қолымыздан келмеген соң шет елдік ірі компаниялардың бірінен көмек сұрап, қолқа салуымыз әдет емес пе? Ірі ғимараттардың құрылысын салатын түрік компаниясымен келісімге келген біздің жақ ресми дерек бойынша 110 миллион Ақш долларын жұмсауға келіседі. Бірақ қаржының дер кезінде болмауы мен өзгеде жағдайларға байланысты стадион құрылысы белгісіз мерзімдерге шегеріліп отыра берілген. Осының себебінде 3-жылда салынып бітетін стадион бақандай 11-жыл соғылды. Мұндай ұзақ уақытта бір стадион емес, жарты қаланың жаңа ауданын салып бітіруге де болар еді ғой. Осындай жауапкершіліксіз селсоқ көзқараспен қаралған соң, бір жүріп, бір тоқтаған құрылыс барысына одан сайын көп шығын кеткен. Ғимарат соғу ісіне байланысты қойылған талаптарды да, оны соққан түрік компаниясын да біздің басшылар жарытып қадағаламаған. Әлемдегі теңдесі жоқ стадионның басты ерекшелігі шатырының ашылып – жабылатындығында. Қыстың күні Астанада – 30 градус болғанда стадион іші +10 градустай қанжылым болып тұратын жағдайы бар. Бірақ оған кетер жылу мен энергияның ысырабында есеп жоқ. Десе де мұндай стадион әлемде жалғыз емес екен. Дәл осындай артықшылықтары бізде ғана бар деп жүрген спорт кешендері жер жаһанның 6 жерінде соғылып қойыпты. Стадионның ашылу салтанатын дүркіретіп, шетелдік танымал деген футболшыларды тағы да қазақтың қырман, далада шашылып жатқан ақшасына шақырып – болмағанды жасадық. Кейбір еліміздегі танымал мамандардың айтуы бойынша «Қажымұқан» атындағы орталық стадион жаздың күні ауасыз, қапырықтанып кетеді екен. Демек желдету жұмыстарында ақау бар деген сөз. Өйткені бұл кешенді Астананың 11-жылдық мерейтойына қарай дайындап үлгеру үшін қолдан келгеннің барлығын жасап, құрылыс жұмыстарының негізгі қорытынды бөлігін ат үсті істей салғанын өзіміз де көрдік. Ел басы жеке тапсырмасымен жедел уақытта стадионды ретке келтіріп, көрші мемлекет президенттерінің алдында мақтанып қалуды ғана ойлайды. Іле-шала стадионды 2 апта уақытта 2 айлық құрылысқа бергісіз жұмыстарымен жылдам аяқтауға мәжбүр болған түрік компаниясы амалсыз шала жансар әрекетке көшеді. Осының салдарынан - ақ құрылыстың қандай деңгейде болғанын түсіне беріңіздер. Стадион шатырының ашылып-жабылуға тиісті 4 бөлігінің осы күндері 2-еуі ғана жұмыс істеп тұрғанын айта кетсек те жетіп жатыр. Міне осындай олқылықтардың бұл кешеннің тұла бойында тұнып тұрғаны біріншіден халықтың шамына тиетіні анық. Ендігі бір мәселе стадионның негізгі арнаулы саласына тоқталсақ. Мұндай ірі, қаржылық жаңы ауқымды кешенді соққанда біріншіден онда өтетін негізгі спорттық шаралардың бетін анықтап алу керек. Бұл стадионда футбол секілді түрлі спорттық ойындарды ана өткізуге болады. Ал спорт падишасы саналатын жеңіл атлетикаға арналған шатыры ашылып-жабылатын кешен Астанада әлі күнге дейін жоқ. Кезінде осы мәселені ойлап, болашақта дәл осындай қажеттілік туындайтынын ескергенде орталық стадионды жеңіл атлетикаға да арнап салуға әбден болар еді. Бірақ болар іс болды, бояуы сіңді. Бір көңілге қонбайтыны «Қажымұқанның» ең ақыры футбол ойынына да лайықты жасалмауында. Ел ішіндегі ала доптың қыр-сырын меңгергендердің айтуынша осыншама қаржы жұмсап, ұзақ уақыт салған стадионымыздың жасыл алаңы жасанды алаңмен көмкерілгенін тілге тиек етіп жатады. Сондай-ақ шет елдік қонақтарда осы олқылығымызды бетке басып, батыра айтқанын талай естідік те.  Халықаралық стандарттар бойынша мұндай алаңда жоғары деңгейдің матчтарын өткізуге болмайды. Сондықтан табиғи жасыл шөпсіз стадионның бір кем дүние екені ешкімді алаңдатайын деп отырған жоқ. Бұл дегеніміз керемет сұлу бойжеткеннің үстіне италиялық бағалы ішік, басына орыстың құндыз бөрігін, мойнына түріктің алтын алқасын тағып аяғына қытайдың рәзеңке сүйретпесін кигізгенмен бірдей емес пе?
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров