Жарнама
Жарнама

“Сыртынан оңай көрінеді” – Ғалымжан Кенжебек РПЛ-дегі дебютінен кейін ойымен бөлісті

Бүгін, 10:48

Грозныйдың "Ахматында" доп тебетін Ғалымжан Кенжебек Ресей чемпионатындағы алғашқы ойынынан кейінгі әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Оның сөзінен оның жаңа ортаға бейімделу кезеңі жүріп жатқанын аңғаруға болады. Футболшы жеке табысынан гөрі командалық нәтижені жоғары қояды. Ол өзіне сенім білдірген бапкерлер штабына алғыс айта отырып, алдағы мақсатын нақтылады.

"Дебют — ол дебют, бірақ мен ойыннан кейін де айттым, жеңіске жеткеніміз жақсы болар еді. Мен негізгі құрамға тұрақты ілігу үшін бұдан да көп еңбектенемін. Командаға пайдамды тигізгім келеді." — дейді Кенжебек.

Көптеген сарапшылар Ресей лигасын физикалық тұрғыдан ауыр деп сипаттайды. Алайда, Ғалымжан әзірге бұл деңгейді толық сезіне қоймағанын айтады.

"Бәлкім, әлі көп ойнамаған соң болар, әзірге деңгейді аса сезініп жатқан жоқпын. Сыртынан қарағанда әрдайым оңай болып көрінеді, бірақ нақты бағаны болашақта бере алатын шығармын."

Алдағы турда "Ахмат” "Акрон" командасымен кездеседі. Кенжебектің айтуынша, ол үшін қарсыластың атағы маңызды емес. Мейлі ол "Акрон” болсын, мейлі Ресей алпауыты "Локомотив" болсын — дайындық пен жеңіске деген құлшыныс бірдей.

"Біз тек жеңіске бағытталғанбыз және командамен бірге табыс күтеміз.” — деп түйіндеді сөзін футболшы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров