Қазақстандық футбол жанкүйерлері тағатсыздана күткен халықаралық жолдастық кездесу сұрақ астында қалды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұған дейін маусым айына жоспарланған Қазақстан — Венгрия матчының өткізілуі екіталай болып шықты. KazFootball.kz таратқан мәліметтерге сүйенсек, бұл кездесу мүлдем өтпеуі мүмкін.
Бастапқы жоспар бойынша, ұлттық құрама 09 маусым күні киелі шаһардағы "Түркістан Арена" стадионында Доминик Сзобосзлай бастаған Венгрия құрамасын қабылдауы керек болатын. Оңтүстік өңірдің жанкүйерлері үшін бұл нағыз спорттық мереке болады деп күтілген еді.
Қазіргі таңда бұл матчтың тағдыры қыл үстінде. Дереккөздің хабарлауынша кездесуді өткізу мәселесі әлі де талқылануда. Ойынның тоқтатылуына қатысты нақты себептер ашық айтылған жоқ, соңғы шешім жақын күндері қабылдануы тиіс.
"Қазіргі уақытта бұл кездесуге қатысты нақты кесімді сөз жоқ. Шешім әлі қабылданбады.” — дейді ақпарат көздері.
Біздің серіктес: FONBET