Жарнама
Жарнама

Тәттібаев “Шахтер” үшін ҚПЛ аясында 150 ойынын өткізді

“Шахтердің” Қазақстан чемпионатындағы “Ақтөбеге” қарсы 12-тур кездесуі Айдос Тәттібаев үшін  кеншілер сапында 150 матч болып есептелінді, деп жазады Kazfootballkz.

Тәттібаев “Шахтер” үшін ҚПЛ аясында 150 ойынын өткізді
Жарнама
Жарнама

34 жастағы Айдос Тәттібаев “Шахтер” сапында Қазақстан Премьер-лигасы аясындағы алғашқы ойынын 2010 жылдың 10 сәуірінде талдықорғандық “Жетісуге” қарсы өткізді. Жер жанаты аталып кеткен мекендегі кездесуде шабуылшы алаңға Никита Бульдиновты алмастырып кірді. Аталған ойын сол сәтте 0:0 есебімен аяқталды. Содан бүгінге дейін Айдос ішкі чемпионатта 150 ойын өткізіп, 25 голдың авторы атанды.

“Шахтердің” қазіргі ойыншылары арасында ішкі біріншілікте ең көп ойын өткізгендер: 

1. Айдос Тәттібаев — 150 матч;

2. Роджер Каньяс — 114;

3. Абылайхан Назымханов — 65;

4. Богдан Савкив — 38;

5. Ескендір Қыбырай — 26;

6. Егор Цуприков — 24. 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: