Қақпашы Нұрымжан Салайдин мансабын Қызылорда жерінде жалғастыра бермек.
Жасы 30-дан асып бара жатқан Нұрымжан Қызылорда футболының аңызы. 2014 жылы кәсіби футболға аяқ басқаннан бері ол өзінің туған жерінде өнер көрсетіп келеді.
Жалпы Салайдин “Қайсар” сапында барлық турнирлерді қосқанда, 65 матч өткізіп, өз қақпасына 85 гол жіберді. Қақпашы Қызылордалық команданың 21 ғасырдағы жарқын жеңістерінің себепшісі. Неге десеңіздер, 2018/19 жылы жергілікті команда Қазақстан Кубогын жеңгенде Салайдин қақпаны күзеткен болатын.
Трансфермаркет порталы 30 жастағы ойыншыны 150 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET