Жарнама
Жарнама

Тәжірибелі қорғаушы елордалық клубпен келісімшартын ұзартты

11.02.2026, 20:25

"Астана" аңызы Дмитрий Шомко команда сапында қалатын болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 35 жастағы футболшы мен клуб басшылығы ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдаған.

Өткен 2025 жылғы маусымда Дмитрий Шомко елордалықтар сапында 15 матчқа қатысып,2 нәтижелі пас берді.

Шомко — "Астана" тарихындағы ең табысты ойыншылардың бірі. Оның клубпен бірге 6 дүркін Қазақстан чемпионы, 6 дүркін Қазақстан Суперкубогының иегері, 2 дүркін Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар, ол Еуропа лигасында 24 матч өткізіп, халықаралық аренада ең көп тәжірибе жинақтаған Қазақстандық футболшылардың бірі болып саналады.

Бойы 185 см болатын Дмитрий — тек қорғаныста ғана емес, шабуылда да қауіпті ойыншы. Оның сол аяқпен бағыттайтын жойқын соққылары мен дәл пастары көптеген голдардың бастамасы болған. Мансабын Екібастұзда бастап, Павлодар, Ақтөбе және Семей клубтарында ойнаса да, ол үшін елордалық клубтың орны әрқашан бөлек.

Ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 49 матч өткізіп, бірнеше рет капитандық таңғышты тағып алаңға шыққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров