Жарнама
Жарнама

“Тәжірибесі мол” – Абат Айымбетовтың бағы Румынияда жана ма?

Бүгін, 13:44

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев шабуылшы Абат Айымбетовтің Румыниялық "Петролул" клубындағы мүмкіндіктерін жоғары бағалады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Sports.kz порталына берген сұхбатында маман Қазақстандық форвардтың Еуропалық аренада өзін көрсете алатынына сенімді екенін айтты.

Евтеевтің пайымдауынша, Абаттың Ресей мен Түркия чемпионаттарында өнер көрсетуі, сондай-ақ ұлттық құрама сапындағы сәтті ойындары оның жаңа ортаға тез бейімделуіне септігін тигізеді.

Айымбетов халықаралық матчтарда Еуропаның мықты командаларына қарсы ойнап, шыңдалған.

Маман футболшының қоржынында кез келген қиындықтан шыға алатын мол тәжірибе бар екенін алға тартты.

Павел Евтеев Абаттың Румыния чемпионатында нәтиже шығаруы үшін басты шартты атап өтті:

"Абат бұл деңгейде өзін жақсы қырынан көрсете алады деп ойлаймын. Оның тәжірибесі расымен де орасан зор. Ендігі кезекте көп нәрсе оның ынтасы мен қалауына байланысты болмақ. Оның қолынан бәрі келетініне және жақын арада гол соға бастайтынына сенемін.” — деді сарапшы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров