Жарнама
Жарнама

Табатадзенің голы «Ақжайыққа» жеңіс сыйлады

25.07.2022, 02:05
Оралдық клуб жаңа бапкердің жетекшілігімен қатарынан екі матчта жеңіске жетті.
Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» Қазақстан кубогінің үшінші турында «Қызыл-Жармен» күш сынасты. Оралдағы «Ақжайық» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды.

Матчтың 51-минутында грузиялық шабуылшы Тома Табатадзе жеңісті голды соқты. 85-минутта Тимур Мульдинов мергендік танытқан еді, бірақ оның голы есептелмеді.

Қатарынан екінші матчта жеңіске жеткен оралдық ұжым 6 ұпаймен өз тобында екінші орынға табан тіреді. Бір ғана ұпайы бар Әли Әлиев шәкірттері үшінші сатыда тұр.

«Ақжайық» – «Қызыл-Жар» – 1:0

«Ақжайық»: Степан Сикач (қ) – Бауыржан Омаров (к), Мирам Сапанов, Виталий Приндета, Павел Назаренко – Рафаэль Сабино, Максим Каленчук, Ардақ Сәулет, Илья Коваленко – Лука Имнадзе, Тома Табатадзе;

«Қызыл-Жар»: Вадим Петров (қ) – Юрий Бушман, Матео Мужек, Валерий Каршакевич (к), Олег Мурачев, Еркін Тапалов – Мусса Коне, Жиан Мартинс, Рафаиль Оспанов – Гиорги Иваниадзе, Элгуджа Лобжанидзе;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров