Атақты адамдардың тағдыры әртүрлі. Кейбіреуі өз заманында жұлдызы жанып, кейінгі ұрпаққа аңыз болып қалса, кейбіреуі өз дәуірінде таңдай қақтырып, қара топырақтың қойынына енген соң ұмыт болады.
Икер Касильястың "Реалдың" қосалқы құрамында отыруы, өткен 2013-жылдың футбол әлеміндегі таңғаларлық оқиғаларының бірі. Қақпашы “корольдік клубтың” негізгі құрамында алаңға Анчелотти келген соң, тек Чемпиондар лигасының матчтарында ғана шығып жүрсе де, өз бабын жоғалтпай, әлем тарихындағы үздік қақпашылардың бірі екенін дәлелдеген үстіне дәлелдеуде.
-Сіздің ұлыңыз атақты қақпашы болады, егер сіз оған басктық есім қойсаңыз-дейді, көріпкел әйел ұшақта, жанында отырған аяғы ауыр әйелге.
-Сіз менің сәбиім ұл болатынын қайдан білдіңіз?-деп, таңғалды Икердың анасы.
-Маған артық сұрақ қоймаңыз, тек сөзіме ат үсті қарамаңыз-деп жауап қатқан көріпкел, ары қарай ештеңе айтпайды.
Бұл болашақ жарқын жұлдыздың өмірін болжаған көріпкелдің әңгімесі. Испан фольклорынан ойып тұрып орын алған әңгіме қашан да ел есінде. Кім болжам айтсада, әйтеуір дөп басқанын, бүгін біз жақсы білеміз. Икердың анасы бұны тез-ақ ұмытып, есіне тек, баласының футболға аяқ басып, қақпашы қолғабын алғаш кие бастаған кезінде ғана түседі. Ал, қақпашының өзі тіпті Испания ұлттық құрамасының капитаны болғанда біледі.
“Негізі қақпаға шабуылда, қорғаныста ойнай алмайтын ойыншыларды кояды. Ал, менің қақпашы болуым мұнымен қатысты емес. Өзім қақпашы болуды шештім. Неге дейсіз ғой? Себебі, маған қақпаға ұшқан допқа оңды-солды әдемі секіру ұнайтын.
Икер Касильяс
Икер, “Реал” академиясына бар болғаны 8 жасында келеді. Алғашқы сынақты үздік тапсырғанымен, оның әлі тым кішкентай екеніне қарап қабылдамайды. Бірақ, арадан бір жыл өтпей-ақ қайта шақырылып, қабылданады. Ал, бірінші командамен алғаш рет, жарақат алған Бодо Иллгнердың орнына, екінші қақпашы ретінде Норвегияға, “Русенборгпен” болатын ойынға аттанады. Бір қызығы, бұл матчта негізгі құрамда шығуы да мүмкін еді, 16 жасар жас қақпашының. Себебі, ойын алдында сол кездегі “Реалдың” бірінші нөмірі, әйгілі Сантьяго Канисарестың матчқа қатысуы да шешілмеген сұрақ болатын. Бірақ, Канисарес ерлік танытып екпенің күшімен бүкіл матч бойы, қақпаны қорғайды. Арадан бір жыл өтті. Канисарес “Валенсияға” кетті, Бодо Иллгнер жарақат үстіне жарақат алып, ұзақ емделді. Тағы бір қақпашы Альбано Бизарридың жиі қателік жібергені сонша, қақпаға баяу жылдамдықпен ұшқан кез келген доптың өзі қақпа төрінен орын алу мүмкін еді.
“Қақпаға Икерды қойыңдар. Ол сендерді жерге қаратпайды. Мен оны бала кезінен білемін.
Висенте дель Боске
Реалдың сол кездегі жаттықтырушысы Джон Тошак, Касильясты тек қалған қақпашылардың біреуі де, алаңға шыға алмайтын кезде ғана шығарады. Ал, кейін Тошакты ауыстырған Висенте дель Боске, Икерды команданың бірінші қақпашысы етіп тағайындайды. Сол жылы, Чемпиондар лигасының жартылай финалында “Баварияны” жеңіп, финалда “Валенсиямен” кездесіп 3-0 есебімен жермен-жексен етеді. Ол ойында, қақпада сенімді ойын көрсеткені соншалықты, қай қақпада атақты Канның замандасы 31 жасар Канисарестың тұрғанын, қай қақпада 19 жасар жасөспірім Касильястың тұрғанын айыру қиын еді.
“Икердың маған қақпада қателікке, тіпті мүлде жол бермейтіні таңғалдырады. Бұл-қақпашы үшін өте маңызды. Оның кесірінен команданың ұпай жоғалтқаны болмаған шығар, сірә. Ал оның көмегімен, команда қанша рет жеңіске жеткенін санап шығу мүмкін емес.
Джанлуиджи Буффон
Міне сол кезден бастап, Жозеның шешімі бойынша қосалқы құрамға отырғанына дейін, “Реалдың” негізгі қақпашысы ретінде талай рет жеңіс тұғырының биік шыңына көтерілді. Ұлттық құрамасымен де, екі мәрте Еуропа чемпионы, бір мәрте Әлем чемпионы атанды.
“Пенде болған соң, өмірімізде сәтті күндер де, сәтсіз күндер де болады. Бірақ, мен пробламадан қашқым келмейді. Чемпиондар лигасында ғана алаңға шығамын. Бұл-жаттықтырушының шешімі. Жаттықтырушы нені дұрыс деп шешсе, сол болады.
Икер Касильяс
Бұл- Икер Касильястың шынайы бет бейнесі. Өзің қосалқы құрамға отырғызған Жозе Моуриньюға да ешқашан артық сөз айтқан емес. Анчелоттиға да артық әңгімесі жоқ. Тіпті, оның ең жақын досы “Барселонадағы” Хави. Футболда қай команданың жейдесінде өнер көрсетсеңіз де, “Реалдың”, “Барселонаның”, “Манчестер Юнайтедтің” т.с.с жанкүйері болсаңыз да ең бастысы, бойындағы адамға тән жақсы қасиеттерді жоғалтпау, қай команда да доп тепсе де, ойыншыны құрметтей білу. Біздің кейде, кешегі алтыннан артық көрер жұлдыздарымызды тат басқан темірден де төмендетіп тастар кезіміз жоқ емес. Икер командасының шынайы жанкүйері, және шынайы жанкүйер болар тұра ешқашан ашуға бой алдырып, сабырлы мінезінен айырылған емес. Икерды Еуропаның көптеген клубы өз қатарында көргісі келеді. Жазда, “Барселона” да шақырған. Бірақ, Касильяс “Реалдан” қосалқы құрамның ойыншысы ретінде кете қоймас. Қақпадағы орнын да қайтарып алар. Әйтеуір, командасы құрмет көрсете алмаған Раульдың, “Ювентус” құрмет көрсете алмаған Дель Пьероның кебін кимесе болғаны.
Жолдаған: Фараби ӘБДІХАЛЫҚ