Жарнама
Жарнама

Тағы бір чех маманы құрама басына келді

21.09.2011, 17:33
Жарнама
Жарнама
Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының (U-16) аға бапкері болып чех маманы Павел Травник тағайындалды. Травник осыған дейін «Славия» (Прага, Чехия) командасының жастар командасын жаттықтырған. Павел Травниктің тәрбиесінен шыққан ойыншылардың қатарында Томаш Нецид, Марек Сухи, Рудольф Скацел секілді Еуропа футболына танымал ойыншылар бар. Қазақстанның 17 жасқа дейінгі (U-17) құрама командасының бас бапкері Оливер Пелцердің денсаулығына байланысты мәселелер толықтай шешілгенше Павел Травник оның орнын баса тұрмақ.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров