Жарнама
Жарнама

Тағы бір қазақстандық Еуропаның орнына ҚПЛ-ді таңдады

10.12.2024, 11:50

«Қайраттың» қақпашысы Данил Устименко ақыры таңдау жасаған секілді.

Данил Устименко "Қайрат" сапында
Жарнама
Жарнама

24-жасар ойыншы жуырда берген сұқбатында клуб ауыстыруға ниетті екенін, сәті түссе Еуропаға кетуді де ойлайтынын жасырмаған еді. Алайда, Meta-ratings.kz мәліметінше, Устименко алдағы уақытта ҚПЛ-де өнер көрсететінге ұқсайды. Дәлірек айтсақ, алматылық қақпашы өзінің мансабын «Тобылда» жалғастыруы мүмкін делінген хабарламда.

Данил Устименко «Қайраттың» қатарында 2017-жылы дебюттік ойынын өткізген. Содан бері премьер-лигада 59 кездесуге қатысып, өткен маусымда алматылық клубпен чемпионатты ұтты. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының сапында бір матч өткізген болатын.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров