Тағы бір қазақстандық футболшы Беларусия біріншілігінде бақ сынамақ

24.07.2024, 16:58

Қазақстан жастар құрамасы мен "Қайраттың" қорғаушысы Александр Широбоков "Славия" қатарына ауысуға жақын.

Александр Широбоков

Бұл туралы "Ухо" телеграмм-арнасы мәлімдеген болатын.

21 жасар футболшы маусымның соңына дейін беларусиялық клубтың намысын қорғайтын болады. Алматылық клуб пен "Славия" осы жөнінде келісімге келіп отыр деген ақпарат бар. 

Александр Широбоков "Қайрат" академиясының түлегі саналады. Сондай-ақ, орталық қорғаушы Қазақстан U-21 құрамасының қатарында 6 матч өткізген болатын.