Қазақстанның футбол федерациясы 19 жастағы Германияның "Ингольштадт-04" клубының жартылай қорғаушысы Роберт Бауэермен келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Егер келіссөздер сәтті аяқталса бұл футболшы да алдағы уақытта Қазақстан азаматтығын алуы әбден мүмкін, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Германияның Kicker басылымының мәлеміте бойынша, Бауэр мен ҚФФ арасындағы келіссөздер қаңтар айының соңында басталған екен. Бірақ футболшының айтуына қарағанда, ол әлі де қай елдің намысын қорғайтын туралы соңғы шешімді қабылдамаған.
Бұл футболшы Германияның жастар құрамасының сапында бірнеше ойын өткізіп үлгерген. Бірақ, Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) заңы бойынша бұл футболшыға ата-анасы дүниеге келген елдің ұлттық құрамасында ойнауына рұқсат беріледі.
Робер Бауэр – 1995 жылдың 9-сәуірде Пфорцхаймде дүниеге келген. Оның ата-анасы 90-жылдардың соңында Қазақстаннан Германияға көшіп барған.
Еске сала кетейік, наурыз айының басында Қазақстанда дүниеге келіп, футбол әліппесін Германияда үйргенген 23-жастағы жартылай қорғаушы Александр Меркель Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құраманың футболшысы атанған болатын.
«Алаш айнасы» интернет-порталы