Жарнама
Жарнама

Тағы да "Барселона" басым

29.01.2015, 11:59
Жарнама
Жарнама
"Висенте Кальдерон" стадионы қызықты, әрі тартысты матчты сыйлады. Өздеріне тән емес болса да, Диего Симоне шәкірттері ашық шайқасқа түсті. Алаңға арыстанша шайқасуға бел буып шыққан, матрасниктер төрешінің ысқырығы естілісімен есеп ашты. Испанияға ора салысымен, "Реал Мадридке" қос гол салып үлгерген Фернандо Торрес, тағы бір гранд, "блаугрананың" қақпасын дәл көздеді. Бірақ, басталған ашық шайқас, бірінші таймда-ақ аяқталған болатын. "Барса" көп ұзамай таразы басын теңестірді. Неймар көзге түсті. Ал, 30-шы минутта Рауль Гарсия пенальтиден гол салып, "матрасниктерді" тағы да алға шығарғанымен, тайм аяғында қонақтар екі голмен жауап қайтарды. Сөйтіп, матч тағдыры, онымен қоса жолдама мәселесі алғашқы 45 минуттықта шешіліп қойған болатын. "Атлетико" жарыс жолынан шығып, енді басты назарды ішкі чемпионат пен Чемпиондар Лигасына салатын болады. Ал, бір кезең бұрын "Реал Мадридтің" де Испан кубогіне таластағы жарыс жолынан шыққанын ескерсек, "Барселонаға" араға екі жыл салып, Испан кубогін Католония астанасына қайтаруға зор мүмкіндік туып тұр. Испан кубогі 1/4 финал, қарымта кездесу 28 қаңтар. Мадрид. "Висенте Кальдерон" стадионы. Атлетико - Барселона - 2:3 (2:3). Голдар: Фернандо Торрес, 1 (1:0). Неймар, 9 (1:1). Рауль Гарсия, 30 - пенальтиден (2:1). Миранда, 38 - өз қақпасына (2:2). Неймар, 41 (2:3).   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров