17 қыркүйекте «Қайсар» Еуропа лигасындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Қызылордалық клуб кипрлік АПОЭЛ-мен кездеседі. «Қайсардың» капитаны Асхат Тағыберген осы матч туралы ойымен бөлісті.
«АПОЭЛ футбол клубы - бұл өз елінің 28 дүркін чемпионы. Олардың тәжірибесі мол. Біз абыроймен өнер көрсетіп, елдің намысын қорғауға тырысамыз. Команда жеңіске жетуге бел буды», - деді Тағыберген.
Асхат Ұлттар Лигасы матчтарына дайындық кезінде жарақат алып, Қазақстан құрамасының ойындарына қатысқан жоқ. Бірақ ол өзінің клубына еурокубоктағы алғашқы кездесуде көмектеседі деп күтілуде.
«Қайсар» - АПОЭЛ матчы Шымкентте өтеді. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де. Ойын тікелей эфирде көрсетіледі.
Біздің серіктес: FONBET