Жарнама
Жарнама

Тактикалық қателік

10.09.2014, 17:24
Жарнама
Жарнама
Кешегі Латвиямен өткен кездесуден түйгеніміз, ойынның 70-ші минутына дейін футболшыларымыз жақсы жылдамдықпен ойнады, ары қарай күш бітті ме, әйтеуір қимылдары сылбыр болды да қалды. Тағы да сол физикалық дайындық нашар, 90 минут ойнауға дағдыланбаған секілді. Ел біріншілігінің деңгейі өспей, құрамамыздың да деңгейі өспейді, себебі ішкі біріншіліктің кей ойындарда біздің командалар жартылай жүріпойнайды және соған футболшылар бейімделіп кетеді де, ұлттық құрамаға келгенде басқа жылдамдыққа өту қиынға соғып жатады. Кеше жеңіске жете алмағанымыздың бірінші себебі осы болса, ал екінші себебі, ол бапкеріміздің ұстанған ойын тактикасы. Қолда бар футболшыларды дұрыс пайдалана алған жоқ. Біріншіден, Хижниченко мен Исламхан капталда ойнайтын футболшылар емес, онда Джолчиев, Қонысбаев сияқты жылдам, ұшқыр футболшылар ойнау керек еді. Хижниченконың орыны орталық шабуылшы, ал Исламхан ортада ойынды жүргізуші, шабуылшыларды паспен қамтамасыз ететін және әрқашан осы позицияда ойнаған футболшы. Екіншіден, біздің топтағы өзімізбен деңгейлес командамен, өз алаңымызда, бес бірдей қорғаушымен ойнаудың қандай қажеттілігі болды екен. Үш бірдей орталық қорғаушы бір-біріне кедергі келтірді де жүрді. Егер Голландия, Түркия немесе Чехтармен ойнағанымызда мұны түсінуге болар еді, ал өз алаңымызда Латвиямен бұл тактика абсурдқа жақын дүние. Иә, Кроснажан мүмкін екі шепкі қорғаушымыз шабуылға жиі араласып, жартылай қорғаушының міндетін қоса атқарады деген шығар, бірақ кешіріңіз, қапталдағы қорғаушылардың шабуылға араласуы бұл әлем футболында олардың міндетіне айналып кеткен. Сол бір орталық қорғаушының орнына Джолчиев немесе Қонысбаевты шығарғанда әлдеқайда дұрыс шешім болар еді, себебі Латвиямен өз алаңымызда жеңіске ойнамағанда кіммен ойнаймыз. Ең болмағанда ойынның соңғы 15 минутына шабуылды күшейтіп, бір қорғаушының орнына шабуыл шебінің ойыншысын шығаруға болар еді. Өкінішті. Ал қуантатыны құрама сапында өз жас футболшыларымыздың көптеп тартыла бастағаны. Осындай ойындардан олар тэжірибе жинақтауы тиіс, әлі алда Голландия, Чехия, Түркия секілді азулы қарсыластар күтіп тұр, алдағы күнге сеніммен қарайық.
Динмухамет Мауленов
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров