Жарнама
Жарнама

Талғат Байсуфинов Дінмұхаммед Қашкеннің алаңға неге шықпағанын түсіндірді

10.10.2025, 22:28

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов әлеуметтік желіде басты «қаһарманға» айналған Дінмұхаммед Қашкен жайлы сұраққа жауап берді.

Жарнама
Жарнама
  • «80-минуттан кейін капитан Нұралы Әліп алаңнан алмастыруды сұрады. Оның орнын басуға тиіс болған Сергей Малый жарақатына байланысты 23 футболшының қатарына кірмеген болатын. Сондықтан Әділбек Жұмахановпен алмастырдық. Неге? Себебі, Әділбек Жұмаханов ұлттық құрамамен алғашқы күннен бері дайындалып жүр. Ал Дінмұхаммед Қашкен тек 6 қазанда ғана қатарымызға қосылды. Иә, оны «Ұлытаудан» білемін. Бірақ ұлттық құрама басқа деңгей. Оның 23 футболшының қатарына енгенінің өзі жетістік деп білемін», — деді Талғат Байсуфинов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Лихтейнштейнді 4:0 есебімен жеңді.

Енді Қазақстан құрамасы 13 қазан күні сырт алаңда Солтүстік Македониямен күш сынасады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: