Жарнама
Жарнама

Талғат Байсуфинов «Қайрат» ойыншыларының жарақатын айтты

10.10.2025, 23:04

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Лихтенштейнмен өткен (4:0) кездесуден кейін негізгі ойыншылардың жарақаттары жайлы сөз қозғады.

Жарнама
Жарнама

«Дастанның жарақаты біз күткеннен де ауырлау екен. Ал Александр Мрынский жастар құрамасына да барған жоқ. Александр және Дамир Қасабулаттың да шамадан тыс физикалық жүктемесі болған. Екеуінде де ауыр жарақат жоқ. Бірақ Дамир Қасабулат тек 50 пайызға ғана дайын болды. Біз бұл жағдайды талқылап, оны Солтүстік Македониямен болатын матчқа дайындауды дұрыс деп шештік», — деді Талғат Байсуфинов.

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан құрамасы сапында алматылық командадан Дастан Сәтпаев, Дамир Қасабулат, Темірлан Анарбеков жасыл алаңға шыққан болатын.

Енді Қазақстан құрамасы 13 қазан күні сырт алаңда Солтүстік Македониямен күш сынасады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: