Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының қазіргі деңгейіне баға берді.
Қазақстан құрамасына шабуылдайтын уақыт келді. Біз бұған ұзақ жолмен жеттік. Жалпы алғанда, құрамамыз жабық футбол стилін ұстанып келді. Енді бізде шабуыл кезеңінде жақсы қасиеттерге ие көптеген дарынды ойыншылар бар. Оларды қосалқы құрамда отырғызуға құқымыз жоқ, – деді Талғат Байсуфинов.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осы іріктеу кезеңінде қарсылас қақпасына 58 соққы бағыттап, 3 гол соққан болатын. Көп жағдайда футболшыларымыз допты қақпа бағанасына тигізіп, бірнеше ойында жеңіске жету мүмкіндіктерінен айырылып қалды.
Қазақстан - Лихтенштейн матчы 10 қазан күні «Астана Аренада» өтеді. Ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET