Жарнама
Жарнама

Талғат Байсуфинов Қазақстан тізгінін ұстауға лайық па? Сарапшылар не дейді?

20.11.2025, 17:15

Танымал бапкер Болат Есмағамбетов Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне үміткер Талғат Байсуфиновтың жұмысын бағалап, пікірімен бөлісті.

Талғат Байсуфинов
Жарнама
Жарнама

«Байсуфинов келгелі команданың ойын стилі өзгергені байқалады. Тактикалық жағынан да солай. Бапкерлік құрам мен футболшылар арасындағы байланыс та жақсарып қалғандай. Енді федерация Талғат Байсуфиновтің алдына нақты міндет қойып, бас бапкерлікті ұсынса, кандидатурасын қолдайтын едім. Мұның алдында да айттым ғой отандық бапкерлерді қолдайтынымды. Өзіміздің арамыздан шыққан азамат, ұлттық командаға осымен үшінші рет келіп отыр. Тәжірибесі жеткілікті, көп нәрсені біледі. Енді ұлттар лигасы тұр, онда қандай мақсат болады? Ол жерде намысқа тырысып ойнау керек деген әңгіме болмайды. Ұлттар лигасында қандай топқа түссек те оңай болмайды, қазір барлығы футбол ойнап үйренген. Сондықтан, Талғат Байсуфиновқа мүмкіндік берсе, бізге де жақсы болар еді. Қазір құрамаға жаңа, жас футболшылар келіп жатыр. Команда өте жас», - деді Б. Есмағамбетов.

Қазақстан құрамасы 2025-те ӘЧ іріктеуіне қатысып, 8 ұпай жинады. Өз тобында Бельгия, Солтүстік Македония мен Уэльстен кейін 4-орынға табан тіреді. Ұлттық команда Талғат Байсуфиновтың жаттықтыруымен топтағы соңғы үш ойында жеңіліс тапқан жоқ. Лихтенштейнді ұтып, Солтүстік Македония мен Бельгиямен тең тарқасты. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров