Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Бельгиямен болатын ертеңгі ойын жайында өз пікірімен бөлісті.
Бас бапкер ойын алдындағы баспасөз-мәслихатында былай деді:
"Біз нәтиже көрсетпеген ескілік қағидаттарынан арылуға тырысып жатырмыз. Біз ертеңгі қарсыласымыздың қаншалықты мықты екенін түсініп отырмыз. Соған қарамастан, өз жанкүйерлеріміз алдында жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деген сенімдемін. Қол астымызда шапқылап тұрған жастар бар да, қорғаныста жатып алуды ойлап жатқан жоқпыз. Біз жеңіске жеткіміз келеді. Сол арқылы даңғыл жолымыздың бастамасын құрастырып алмақшымыз. Жақсы нәтиже көрсете алсақ, құрама жігітеріне де қосымша мотивация болушы еді. Біз жаттығу жиындары барысында қарсыласқа жан-жақты дайындалдық. Бельгия құрамасы ертең бізді шабуылда ойнатып қоя ма, деген сұрақ алаңдатады. Бірақ біз ұстаған тактикамыздан кері шегінбейміз. Тағы да айтамын, ертең біз шабуылдаушы футбол өрнегін көрсетеміз".
Еске салсақ, Қазақстан - Бельгия кездесуі ертең сағат 19:00-де “Астана Арена” стадионында басталады. J-тобындағы көшбасшы орнын сақтап қалу үшін қызыл сойқандарға ертең тек қана жеңіс керек.
Біздің серіктес: FONBET