Жарнама
Жарнама

Талғат Байсуфинов: Лихтенштейн - мықты қарсылас

09.10.2025, 18:40

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Лихтейнштейннің мықты тұсы жайлы сөз қозғады.

Жарнама
Жарнама
  • «Сырт алаңдағы ойынды көріп, есімізге түсірдік. Лихтейнштейннің орнында біз де кезінде болғанбыз. Мықты қарсылас. Қорғанысы тығыз. Солтүстік Македонияға қарсы 0:5 есебімен жеңілген ойынында оларға бос кеңістік берілді. Доппен қалай жұмыс істейтіндігін байқадық. Менсінбеуге болмайды. Жеңіске жету үшін, тактика мен техникалық тұрғыдан күш көрсетуіміз қажет. Бұйырса, жеңіске жетуді көздейміз», — деді маман.

Қазақстан - Лихтенштейн матчы 10 қазан күні «Астана Аренада» өтеді. Ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: