Жарнама
Жарнама

Талғат Байсуфинов: Қарымта шабуылдардың арқасында жеңіске жеттік

05.04.2011, 03:50
Жарнама
Жарнама

Сырт алаңда «Қайратты» тізерлеткен керекулік клубтың бас бапкері Талғат Байсуфинов ойыннан соңғы пікірін «Футбол.кз» сайтына сұқбат берді.

- Біз бүгінгі ойында жеңіске жету үшін қолодан келгеннің барлығын жасадық. Қарымта шабуылдардың сәтті шығуына байланысты 3 гол соғып нәтижесінде жеңіске жеттік. Ойынға қойған тактикамның ішінде қорғаныстан шабуылға тез өтіп кетуді ойластырдым. Сол ойынның көп жағдайында іске асып жатты. Бізге бүгін сәттілік жолдас болды. Футболда онсыз болмайды. - Бірінші голды соққанан кейін сіздер қорғаныста жатып қалмай одан әрі шабуылға көштіңіздер. Мұның өзі сіздің ойынға қойған талабыңыз ба? - Мен шәкірттеріме айтқан болатынмын. Кез-келген жағдайды футбол ойнауға тырысыңдар деп. Өз футболдарыңды көрсетіңдер деп. Шамаларың неге жетеді соны көрейік дегем. Мақұл біз гол жіберіп алайық – шабуылға шығыңдар, мақұл біз гол соғайық – қорғанысқа жатып қалмай, ештеңені ойламастан алға шығыңдар деген болатынмын. Сол айтқанымды орындағысы келген жігіттер көп мүмкіндіктің 3-еуін сәтті пайдаланды. Соның арқасында біз 3 ұпай еншілеп барамыз. - Ойыншыларыңызға кездесу алдында қандай ақыл берген едіңіз? - Ешқандай. (Күлді) Нақты ойын алдында айтарымызды айттық қой. Бірақ «Қайрат» секілді командамен кездесу алдында футболшыларға үстемелетіп кеңес беру артық секілді. «Қайрат» қазақтың мықты, тарихы бай, көнекөз ұжымы. Оған қарсы біз үнемің жақсы көңілмен шығуымыз қажет. Сол секілді «Тобыл», «Ақтөбе» секілді клубтармен де дәл осындай мақсатпен өнер көрсету керек. Одан өзге ештеңенің де керегі жоқ деп ойлаймын.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров