Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов «Мақтаарал» клубының спорттық директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Белгілі инсайдер Владимир Жарковтың мәліметінше, атакенттік клубқа Талғат Маруаұлынан бөлек, Игорь Свечников және Николай Родионов қосылған. Бүгін олар команда ойыншыларына таныстырылды.
Бұл ретте бас бапкер Андрей Ферапонтов, сондай-ақ оның көмекшілері Руслан Есатов пен Виталий Кувшинов өз орындарын сақтап қалды.
Біздің серіктес: FONBET