Жарнама
Жарнама

Талғат Байсуфинов: «Жеңіске жетпегенімізге көп уақыт болды, сондықтан ертең жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз»

12.10.2021, 00:39
Талғат Маруаұлы Абат Айымбетов пен Шомко туралы, сондай-ақ ұлттық құрамадағы мәселелер жайлы айтты.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Финляндиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, жергілікті тілшілердің сауалдарына жауап берді:

- Асмалаумағалейкум. Кеше жігіттермен сөйлесіп, бір жаттығу өткіздік. Бүгін де жаттығу бар. Ертеңгі ойынға тек жеңіске жету үшін шығамыз. Қалғанын матч көрсетеді.

- Соңғы ойындарда құрамда тұрақтылық болған жоқ. Осыған қатысты қандай пікір білдіресіз?

- Дұрыс айтасыз. Қазір біздің құрамда тұрақтылық жоқ. Мысалы, Марочкин ауырып қалды, Валиуллин де қиын жағдайға тап болды, Тағыберген де жарақатына байланысты соңғы ойындарға қатыспады, Мужиковке ота жасалды, Азат Нұрғалиев отбасылық жағдайына байланысты сұранды. Бір клубтың бес ойыншысы жоқ және іріктеу кезеңінің алғашқы ойындарына қатысқан ойыншылардың 50 пайызы жоқ. Қазір ротация болып жатыр. Шабуылшыларға келсек, жарақат алғандықтан негізгі ойыншылар келе алмады.

- Васильев ертеңгі матчқа қатыса алады. Демек ертең Владиставты жартылай қорғаушы ретінде шығарып және Зайнутдиновті алға қойып, бір шабуылшымен ойнауға бола ма?

- Ол жайлы айта алмаймын. Ақылдасатын боламыз. Қыркүйектегі үш ойыннан кейін Владислав клубында көп ойнаған жоқ. Біз мұның бәрін бақылап отырмыз. Оның орнында Тапалов секілді әмбебап ойыншылар бар. Бүгінгі жаттығуда көп нәрсені анықтайтын боламыз. Сіз неге Баханы алға жібердіңіз. Бізде төрт шабуылшы бар. Өиіртаев пен Жақсылықов та ойнағысы келеді. Қыркүйекте Шушеначевті шақырттық. Бұл шабуылшыны көп адам сынға алды. Бірақ қазір ол қазақстандық шабуылшылардың ішінде ең үздік сұрмерген. Бір Зайнутдиновке сеніп қойып, отыра алмаймыз.

- Босниямен өткен ойындағы алғашқы голға қақпашы Покатиловтың кінәсі бар екенін айттыңыз. Демек, ертеңгі ойында қақпамызды Шацкий қорғай ма?

- Ол туралы сөйлестік. Босниямен болатын ойын алдында қақпашылардың бапкерімен сөйлестік. Боснияда стандарттық жағдайларда жақсы ойнайтын ұзын бойлы футболшылар бар. Сондықтан Стасты шығару туралы шешім қабылданды. Ертеңгі ойынға Стас психологиялық жағынан дайын ба, сол жағын да ойлауымыз керек. Ротация болады, бірақ кімнің негізгі құрамда шығатынын айтпаймын.

- Абат Айымбетов күні кеше "Астана" сапында гол соқты. Жарақат алды деген шабуылшымыз үш-төрт күн ішінде жазылып кетті ме әлде ол мүлдем жарақат алмады ма?

- Мен "Астана" басшыларымен, дәрігерімен сөйлестім. Олармен ақылдасып, Абаттың қалай ойнағанын бақыладық. Олар Айымбетовті соңғы ойынға шығармайтынын айтты. Біз кеше тағы да сөйлестік. Дәрігер маған ойынның төрт таймнан тұрғанын айтты (20 минуттан). Ойыншылар ұлттық қшрамаға кеткенде Абат жеке жаттығулар жасаған. Бас бапкерімен де сөйлестік, ол шабуылшының кешегі ойында көп ойнамағанын және қазір дайын емес екенін айтты. Ал Абатпен жеке сөйлескен жоқпын

- Ертең жеңсек те, жеңілсек те бізге келіп кетер пайда жоқ. Ал Финляндия жеңсе, топтан шығуға мүмкіндік алады. Осы тұста біз қазақылығымызды көрсетіп жеңісті бере салсақ болмай ма? Болашақта бұл жақсылығымыздың да өтеуі болатын шығар дегендей...

- (Күледі). Бұған біздің ар-намысымыз жібермейді. Біз олай ойламаймыз. Жеңіске жетпегенімізге көп уақыт болды. Ертең өз алаңымыздағы соңғы ойынды өткіземіз. Сондықтан жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз. Мақсатымыз - жеңіске жету. Турнирлік кесте, Финляндияның жағдайы біз үшін қызық емес. Сондықтан ертең тек жеңіс үшін ойнаймыз.

- Ротация болады деп айтып қалдыңыз. Өткен ойында Шомконың керемет ойнамағанын бәрі байқады. Ертеңгі ойында оның орнына басқа ойыншыны шығарасыз ба? Бұл қапталда ойнайтын Вороговский, Бейсебеков секілді ойыншылар бар ғой.

- Сұрағыңызға рахмет. Жауап беру қиын. Мен бұл қателікті мойындаймын. Біз жанкүйерлердің пікірін тыңдаймыз. Біздің оларды тыңдамауға құқымыз жоқ. Мен тәуекел еттім, бұл менің қателігім. Шомко үлкен қателік жібермеді. Біз талап еткендей алда жүрді. Ол функционалды тұрғыдан дайын болмады. Бірақ психологиялық тұрғыдан ойынға шығуға тас-түйін дайын болды. Біз үш қорғаушымен ойнаймыз. Біздің қос қапталда ойнайтын хавбектеріміз көп жұмыс атқарады. Ия, сол қапталда мәселелер бар. Сол Валиуллин шабуылды керемет аяқтай алатын еді. Украина қақпасына екі гол соқты. Тәйкенов те сол қапталда ойнайды. Бойының қысқалығын есептемегеннің өзінде, ол Валиуллиннен қалып қояды. Ян екі жыл бұрын оң қапталда ойнап жүрді. Бірақ қазір сол қапталға үйреніп қалды. Георгий Жуков та біз күткен ойынды көрсетпеді. Біздің сол қаптал ұзақ уақыт бойы тұрақты болды. Дима мен Ғафуржан керемет ойнап жүрді. Қазір де сол позицияда ойнайтын жігіттер бар. Бірақ Русланның деңгейін ешкім көрсете алмауда. Біз осы позицияны нығайтамыз. Себебі біздің схемада хавбектер маңызды рөл атқарады. 

- Неге біз төрт қорғаушымен ойнамаймыз? Қарсыластар да біздің қалай ойнайтынымызды біліп алды.

- Біз бес қорғаушымен емес үш қорғаушымен ойнаймыз. Қос қапталдағы футболшылардың мейлінше алда жүргенін қалаймыз. Ерер біз төрт қорғаушыға ауысып, шабуылға қатысатын ойыншыларды көбейтсек, үлгере алмай қаламыз. Бұл схемаға ауысу үшін уақыт керек. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров