Жарнама
Жарнама

Талғат Байсуфинов: «Жылдам жіберіп алған голды есептемегенде, үлкен қателіктер болған жоқ»

02.09.2021, 04:18
Талғат Маруаұлы Финляндияға қарсы матчта негізгі құрамда өзгерістердің болатынын хабарлады.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Украинамен (2:2) болған матч жайлы пікір білдірді.

- Жаттығу процесін онлайн жүргізу белгілі бір қиындықтар туғызды ма?

- Бейне қоңырау мен дайындық тұрғысынан ешқандай қиындықтар болған жоқ. Мен үшін бұл ыңғайлы болды, себебі мен жаттығуды жоғарыдан бақыладым. Біз Украина құрамасына қарағанда ертерек жиналдық. Бұл үшін ҚФФ мен ҚКФЛ-на рахмет. Солтүстік Македониямен болатын ойынға дайындалуға бізде 2 күн ғана болды, ақырында жетістікке жете алмадық. Менің жаттығуларға қатыспауым Украина құрамасының мүмкіндіктерін теңестірді, өйткені олар көп жаттығу жасаған жоқ, сонымен қатар жаңа бас бапкер тағайындады. Әрине, біз мұның бәрін ескердік. Кеше мен командамен бірге қонақүйде болдым, ойыншылармен әңгімелесе алдым. Бүгін де жаттықтырушы ретінде ойынды алаң жиегінен бақыладым.

Жігіттер бәрін жақсы түсінеді, біз олармен жыл басынан бері біргеміз. Жылдам жіберіп алған голды есептемегенде, үлкен қателіктер болған жоқ, сол голдан кейін біз өзімізге келе бастадық. Екінші тайм тактикалық жағынан жеңіл болды.

- Шушеначевтің алғашқы минуттан бастап алаңға шығуы оның еурокубоктегі ойынымен байланысты ма? Немесе басқа себептер болды ма?

- Біріншіден, ол біздің қазақстандық футболшылар арасындағы ең үздік сұрмерген. Екіншіден, біз жауапкершіліктің дәрежесін түсіндік. Дегенмен, ол бірінші ойынын Украина сияқты байсалды командаға қарсы өткізді. Біз оны бүкіл команда болып қолдадық, жеке әңгімелер жүргіздік. Кейбір сәттерде ол біз қалағандай ойнаған жоқ. Біз оған мынадай мысал келтірдік: егер ол "Қайратта" Вагнер Лавпен ойнаса, бізде тәжірибелі Азат Нұрғалиев бар. Бұл жас шабуылшы үшін қалыпты жағдай.

- Зайнутдиновтың екінші таймда шығуы оның 90 минут бойы ойнауға әлі дайын емес екенін білдіре ме?

- Өте дұрыс айтасыз. Бұл ойынды өз қақпамыздан алшақтату үшін жасалған алмастырулар. Дәл осындай ойындарда қорғаныс шебінде бір нәрсені өзгерту өте қауіпті. Қорғаныс шабуылдан басталады, сондықтан шабуыл шебінде жаңа ойыншылардың арқасында допқа талас жүргізе алдық.

- Финляндиямен болатын алдағы ойынға не дайындап жатырсыз?

- Білесіз бе, біз үш матч өткіздік: француздармен және Украинамен екі ойын. Наурыздағы кездесулерден кейін біз өзіміздің басты міндетіміз - ойынды тұрақтандыру деп айттық. Бір стильді таңдап алып, заманауи футбол ойнауға тырысу керек. Біз команданы сары аймаққа көтердік, және біз оны осы деңгейде ұстап тұрмыз, бұл өте керемет. Допты бақылау тұрғысынан ойынды тұрақтандырдық. Бірақ командалық ойын, жеке шеберлік тұрғысынан қарсылас бізден бір бас жоғары болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров