Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтің коронавируске қарсы тапсырған сынағы туралы мәлімдеме жасады.
«Қадірменді достар, жақсы сөз жарым ырыс демекші, жанкүйерлердің тілегі орындалып, Талғат Байсуфинов ПТР тест тапсырып, ағзасында вирус жоқ екені анықталды», - деп жазады ҚФФ баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 29 тамызда Қазақстан ұлттық құрамасының тәлімгерінен коронавирустың белгілері байқалған еді, содан кейін ол бірден командадан оқшауланып, жаттығу процесін онлайн режимде жүргізді.
Ертең, 1 қыркүйекте «Астана-Аренада» Қазақстан мен Украина арасындағы Әлем чемпионатының іріктеу матчы өтеді.
Біздің серіктес: FONBET