Қазақстан құрамасының бас бапкері айына 12 миллион теңге табыс табады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Дядя Ваня телеграм арнасының мәліметі бойынша, Қазақстанда бас бапкердің еңбекақысын құпия ұстау үрдіске айналған. Алайда, оның ай сайынғы негізгі обазалық табысы салықтарды шегергенге дейін шамамен 12 миллион теңгені (қазіргі еуро бағамымен есептегенде 21 210 еуроға жуық) құрайды екен.
Егер бұл соманы бір жылға есептейтін болсақ, Байсуфинов тек қана бір жылдық жұмысы үшін ел қазынасынан салықтарды есептемегенде 144 миллион теңге (шамамен 254 500 еуро) таза табыс табады.
Ол өз мансабында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне төртінші рет келіп отыр. Бапкер 2026 жылдың 28 қаңтарынан бастап еліміздің бас командасын ресми түрде қайтадан басқаруда.
Біздің серіктес: FONBET