Жарнама
Жарнама

Талғат Кусяповтың соққан керемет голы «Каспийге» жеңіс сыйлады

09.08.2021, 04:00
Ақтаулық клуб Қазақстан Кубогіндегі бес ойында да жеңілмеді.
Жарнама
Жарнама

"Тұран" Қазақстан Кубогінің бесінші туры аясында "Каспиймен" кездесті. "Түркістан Аренада" өткен матч 0:1 есебімен ақтаулық клубтың пайдасына аяқталды.

Ойяндағы жалғыз әрі шешуші гол 28-минутта соғылды. Допты қарсыласынан тартып алған "Каспий" қорғаушысы Талғат Кусяпов өте алыс қашықтықтан жойқын соққы бағыттап, командасына үш ұпай сыйлады.

Қазақстан Кубогіндегі бес ойында да жеңілмеген ақтаулық клуб Д тобында 13 ұпаймен бірінші орында тұр. "Тұран" 6 ұпаймен үшінші орынға сырғыды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров