Жарнама
Жарнама

Таңбалар тарихын білесіз бе?

31.01.2019, 06:29
Жарнама
Жарнама

«ПСЖ»

Әуелі қазіргі француз клубтарының ішіндегі ең маңыздысына назар аударсақ. Логотиптің қақ ортасындағы Эйфель мұнарасы бірден көзге көрінетіні анық. Мұнараның атауы бас сәулетші Гюстав Эйфельдің құрметіне қойылған. Францияның ең көрнекті орнынан тарихтан мынадай қызықты оқиға белгілі: «Адольф Гитлер Парижге келген кезінде мұнарадағы лифт қызмет істемей қалыпты. Қанша тексерсе де жөнделмеген лифт Гитлер француз астанасынан кеткен сәтте ғана жұмысын жалғастырған» деседі.

Эмблеманың төменгі жағында дизайнерлер француз тарихының басты символдарының бірі лала гүлін салған. Лала гүлі ортағасырлық Капитенги әулетінің негізгі таңбасында бейнелеген (суретте). Бұл гүл сол уақыттары христиан дінінде маңызды болған.

 Елтаңба қызыл-көк түстерден тұратындықтан клубтың да ресми түсі болып  саналады.

«Олимпик»

Лиондық «Олимпик» эмблемасының басты элементі - арыстан. Ол қала елтаңбасынан тікелей алынған және команда тарихындағы логотиптерде әрдайым бейнеліп отырған. XX ғасырдың ортасында осы аумаққа иелік еткен графтардың тулары да арыстан суретімен сәнделген.

Бұл жерде ерекше ештеңе жоқ: орта ғасырда арыстан биліктің кең тараған символы болды. Содан болар, «аңдар патшасы» = «халық патшасы» деген оймен қолында билігі барлардың таңбасында арыстандар көріне бастады.

Клуб эмблемасы да Лион қаласының елтаңбасындағы түстермен белгіленген.

«Страсбур»

1970 жылдардың соңында Франция чемпионы атанған эльзастық команданың таңбасында ләйлек бейнеленген. Үйлерінің өзін ләйлектің суреттерімен безендіретін қала тұрғындары құсқа құрметпен қарайды. Тірі ләйлекті кездестірсең, міндетті түрде сәттілік пен бақытқа кенелесін деген наным бар.

Эмблеманың ортасында орналасқан ғимарат - атақты Страсбург шіркеуі, готика өнерінің шедеврі.

Байқасаңыздар, жоғарыда көрсетілген клубтардың барлығының эмблемасы өз қаласының елтаңбасы немесе туында көрсетілген символдармен бейнеленген. Әлемдік футбол командаларының көбінің ресми түстері тудың түстерімен бірдей болып келеді. Оған дәлел - Қазақстан Премьер лигасының бес дүркін чемпиондары «Астана» футбол клубы. Астаналық команданың эмблемасы туымыздағыдай көк және сары түстермен безендірілген. Соңғы өзгерістердегі ала доптың үстіндегі жұлдыз елтаңбамыздан жыраққа кетпеген.

Турнир кестесінде екінші орында тұрған «Қайрат» футбол клубының эмблемасынан да еліміздің туын көре аламыз. Андрон мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан мұра болып қалған қазақы ою-өрнектің бейнесі - әр футбол командасы сол қаланың, ұлттың намысын қорғап жүргендігінің бір көрінісі болса керек.

Ырысты ҚАДІРБЕК

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров