Грозныйдың "Ахматы" мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек отандық біріншілікке оралуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Елдар Аманбаевтың мәліметінше, талантты футболшыны қазіргі таңда бірнеше алпауыт клуб өз сапынан көргісі келеді.
Ресейге кеше ғана аттанған Ғалымжанға еліміздің үш бірдей клубы — "Ордабасы", "Ақтөбe” және бұрыңғы клубы "Елімай" қызығушылық танытуда.
Шымкенттік ұжым жартылай қорғаушыны дәл осы трансферлік терезеде жалға алуды жоспарлап отырған көрінеді. Ал, “Қызыл-Ақтар" да жағдайды жіті бақылауда.
Семейлік клуб та бұл бәсекеде осал емес. Ғалымжан бұған дейін берген сұхбаттарында егер Қазақстанға оралатын болса, міндетті түрде "Елімайды” таңдайтыны туралы уәде берген болатын.
Біздің серіктес: FONBET