Танымал актер және медиа-блогер “Тобыл” ФК амбассадоры болды

Алдағы уақытта қостанайлық ұжымның медиа-контентінің дамуына Ілияс Көпжасаров жауап беретін болады, деп жазады Аладоп.кз.

Ілиястың инстаграмда 92 мың оқырманы бар. Және ол футбол спортын жақсы көреді. Көпжасаров SD Family медиа-клубының бірқатар ойындарында өнер көрсеткен. 

Айта кететіні, “Елімай” командасының амбассадоры Рүстем Омаровта ғаламтор желісінде танымал адамдардың қатарынан. Бұл дегеніміз ҚПЛ клубтарының футбол алаңындағы бәсекелестіктен тыс, медиа саласындағы текетерісінің қызу қарқынға ие болатынын дәлелдеп отыр.

Материалда: