Жарнама
Жарнама

Танымал бапкер Аустрияға қарсы ойын туралы: мүмкін, қосалқы құрамды шығарып көру керек шығар

14.11.2024, 10:22

Қазақстандық маман Алмас Құлшынбаев құраманың Ұлттар Лигасындағы жағдайына баға беріп, мүмкіндіктері жайлы айтты.

Аустрия - Қазақстан кездесуі
Жарнама
Жарнама

«Қазақстанға ақырындап құрамын жаңарту керек. Қазір осымен Станислав Черчесов айналысуда. Жаңа футболшыларды алып, оларды мықты қарсыластарға қарсы кездесулерде тексеріп көру керек. Ұлттар Лигасы – әлем біріншілігіне дайындық кезеңі саналады. Сондықтан, жаңа ойын жүйелерін сынап, қорғаныс пен шабуылдағы қимыл-қозғалысты шыңдап көру қажет. Мүмкін, қосалқы құрамды шығарып көру керек шығар. Өйткені, Қазақстанның бұл топта қазірдің өзінде бұдан басқа мүмкіндіктері қалған жоқ», - деді А. Құлшынбаев.

Бүгін ұлттық команда Аустрияны қабылдайды. Ұлттар Лигасының бесінші туры аясындағы матч Алматыда өтеді. Кездесу 19:50-де басталады. Қазақстан құрамасы қарашаның 17-де Норвегияға барады. Әзірге біздің команда бес турдан кейін 1 ұпаймен соңғы орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров