«Аладоп.кз» танымал бапкер Асқар Қожабергеновпен сұқбаттасып, «Қайраттың» жас жұлдызы Азамат Тұяқбаевтың өнері жайлы пікірін білген болатын.
Тәжірибелі жаттықтырушы сондай-ақ, алматылық футболшының мансабы туралы ойын да ортаға салған еді.
«Азамат Тұяқбаев өте талантты бала! «Қайрат-Жастар» құрамындағы, негізгі командадағы ойынын көрдім. Чемпиондар Лигасының құдіретін қарамайсыздар ма?! Азамат алдымен Жастар командаларының арасындағы Чемпиондар Лигасында көзге түсті. Еуропаның мықты-мықты командаларының селекционерлері бүкіл әлемдегі жаңадан шығып жатқан футболшыларды қарап жүреді. Осындай турнирден кейін жарқ еткен футболшыларға назар аударады. Әйтсе де, Азамат Тұяқбаевқа дәл қазір Еуропалық клубқа кету тым ерте. 18-ге толғанның өзінде асықпаған жөн деп есептеймін. Тіпті, Дастан Сәтпаевтың өзіне де «Челсиге» баруға әлі ерте. Бара салып негізгі құрамда ойна кетпейді, жалға беретін шығар. Әйтпесе биыл Қазақстан чемпионатында, Чемпиондар Лигасында да біраз тәжірибе жинады», - деді танымал бапкер.
Азамат Тұяқбаев биыл «Қайрат» жейдесінде ҚПЛ-дегі 3 матчта 1 голдың авторы атанды. Естеріңізде болса, 18 жастағы жартылай қорғаушыға Германия, Англия клубтарының қызығушылық танытқаны жайлы ақпараттар тараған.
Біздің серіктес: FONBET