Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Бауыржан Тұрысбек Дастан Сәтпаевтың ерекшелігі жалпы мінез-құлқы жайлы көлемді сұқбат берді.
«Дастан – менің көршім, бір аулада тұрамыз. Мен 2018 жылы Алматыдан үй алған кезде аулада менімен бірге футбол ойнайтын. Екі аяғында да күші бар. Жас болса да, менімен иық тірестіретін деңгейі бар еді. Сол кезде мен әйеліме «мынау Еуропаға кететін бала» деп айтқанмын. 13-14 жасында деңгейінің қандай екені көрініп тұрды.
Карантин кезінде маған келіп «бірге жаттығу жасайықшы» деп айтатын еді. Ол кезде көшеге шығуға тыйым салынғандықтан, паркингте жаттығу жасадық. Сол жерде төменнен жоғарыға қарай жүгіретін, фишкалар қойып жаттығатын. Қазір аяқ бұлшықетінің бітімін байқаған шығарсыздар. Мен оған «жаттығуға көп көңіл бөліп, техниканы ұмытып қойма» деп ақыл айтатынмын.
Дастан – қарапайым жігіт, жаңа сынақтардан қорықпайды. Ұлттық құрамаға да шақыртылды. Доппен ойнаудан қорықпайды. Артқа қарай жалтақтай бермейді. 16-17 жаста болса да, ойынды өзіне ала біледі. Дәл осындай менталитетпен Еуропаның ТОП-5 чемпионатында ойнап кетеді.
Әкесін де танимын. Дастан жақсы тәрбие көрген, намаз оқитын сабырлы жігіт. Ауыспалы кезеңнен, яғни, жасөспірім кезеңнен ересек футболға дәл осы қалыпта өтсе, «Челсидің» негізгі командасында ойнап кетеді», – деді Бауыржан «Спорт Пульс» арнасына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET