Жарнама
Жарнама

Танымал кәсіпкер ақыры сөзінде тұрды. Бірақ, автокөліктің орнына басқа сыйлық тарту еткен екен

11.10.2025, 17:13

Танымал кәсіпкер әрі меценат Тұрсынғали  Алагөзов «Қайрат» футбол клубына жаңа автобус сыйға тартты.

«Қайрат» клубына сыйға тартылған екі автобус
Жарнама
Жарнама

Бұл туралы кәсіпкердің әйелі Баян Алагөзова Instagram парақшасында жариялаған болатын. Кәсіпкер клубқа екі автобус сыйлаған көрінеді. Естеріңізде болса, осыған дейін Алматы күніне орай кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жасаған тосын мәлімдеме қазақстандық спорт жанкүйерлерін елең еткізген. Ол өзінің әлеуметтік желідегі үндеуінде 10 күннен кейін өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы көптен күткен ойынға тоқталып, жеңіске жеткен жағдайда командаға ерекше сый тарту ететінін мәлімдеген болатын. 

«Алматы күні – әрқайсымыз үшін ерекше мереке. Мен де барша қазақстандық патриоттар секілді сүйікті шаһарымыздың туған күнін атап өтудемін. Ал дәл он күннен кейін еліміздің басты мақтанышы – «Қайрат» әлемнің ең мықты клубтарының бірі «Реал Мадридпен» жасыл алаңға шығады. Елімнің азаматы ретінде әрі туған күнімнің қарсаңында мен мынадай уәде бергім келеді: егер «Қайрат» жеңіске жетсе, алаңға шыққан әрбір ойыншыға автокөлік сыйлаймын. Алматы – әлемнің астанасы, «Қайрат» – чемпион!» – деді кәсіпкер Т. Алагөзов.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров